f.azh.kz
- 25 апр. 2026 03:30
- 25
Еуропа ғарыш агенттігі ресейлік зымыран ұшыру алаңын жарып жіберді
Еуропа ғарыш агенттігі (ESA) француз Гвианасындағы Куру космодромында ресейлік «Союз-СТ» зымырандарына арналған ұшыру кешенін жойды. Бұл туралы The Moscow Times хабарлады.
52 метрлік жылжымалы техникалық мұнара жарылыс арқылы қиратылды. «Роскосмос» баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Дмитрий Струговец бұл туралы видеоны жариялады. Оның айтуынша, бұған дейін ұшыру қондырғысында зымыран ұшу алдында тіреліп тұратын «қызғалдақ» деп аталатын төрт тіреу мен кабель-мачталар кесілген.
Қалған инфрақұрылымды француз Arianespace компаниясының еншілес ұйымы Maiaspace стартапына берді. Олар бұл кешенді 2027 жылға жоспарланған алғашқы ұшырылымы бар жаңа Maia зымыраны үшін пайдаланбақ.
ESA мен «Роскосмостың» «Союз на Куру» бағдарламасы бойынша коммерциялық аппараттарды орбитаға шығару саласындағы 15 жылдық ынтымақтастығы Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты тоқтатылды. Осы уақыт ішінде космодромнан 26 рет сәтті ұшырылым жүзеге асырылды. 2022 жылғы 24 ақпанда АҚШ пен Еуропалық Одақ ресейлік ғарыш саласына санкциялар жариялады. Соған жауап ретінде «Роскосмос» Куру космодромынан «Союз» зымырандарын ұшыруды тоқтататынын және ресейлік мамандарды кері шақыртатынын мәлімдеді.