Photo: omar alnahi (https://www.pexels.com/@omaralnahi) / Pexels
- 17 февр. 2026 04:30
- 29
Гүл жеткізген курьер пәтерге кіріп, бойжеткенге тиісті
Ақпанның 14-і күні гүл күтумен басталған мереке жас қыз үшін нағыз қорқынышты оқиғаға ұласқан. Жеткізу қызметі арқылы келген курьер пәтерге гүлді қою үшін кіргенімен, артынша әдепсіз әрекетке барған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның денесіне қол жүгіртіп, киімін шешпек болған. Қыз айқайлап қарсылық білдірген соң ғана күдікті үйден шығып кеткен.
Оқиғадан кейін бойжеткен курьерге хабарласып, полицияға арыз жазатынын ескерткен. Алайда, оның сөзінше, ер адам қорқыту сипатындағы жауап жолдаған. Қазір аталған дерек бойынша арыз қабылданып, күдікті іздестіріліп жатыр.