Последнее обновление

(Время обновление 1 день назад)
«Хабар» арнасының Жасұлан Базарбаевтың қызына қатысты көрсетілімі жұртшылықтың наразылығын тудырды

«Хабар» телеарнасының әнші Жасұлан Базарбаевтың ерекше қажеттілігі бар қызына қатысты көрсеткен бағдарламасы қоғамда қызу пікірталас тудырды. Арнаның қыздың бейнежазбасын көрсетіп, әкесін тікелей эфирде жылатуы көпшіліктің наразылығын туғызды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші Жасұлан Базарбаев бұған дейін әлеуметтік желіде қызының ерекше қажеттілігі туралы айтып, оның сөйлеу қабілетінің дамуы үшін көп еңбек сіңіргенін жеткізген болатын. Ол сегіз жыл күткен қызы 2,5 жаста болғанда диагнозы барын біліп, содан бері ем іздеп, талай маманның есігін қаққанын айтқан еді. Қазір қызы он жастан асқан, сөйлеп, өз ойын білдіре алатын дәрежеге жеткен.

Эфирдегі жағдай жұртшылықты ашуландырды

Журналист әншінің назарын экранға аударғанда, кішкентай қыздың әкесіне деген сүйіспеншілігін білдірген видеосы көрсетілді. Бұл көрініс әншіні толқытып, көзіне жас алдырды. Алайда, желі қолданушылары бұл әрекетті тым ерсі және адамгершілікке жатпайтын жағдай деп бағалап, арнаның бұл әрекетіне қатты ашуланды. Олар мұндай жағдайды көрсету арқылы арнаның жауапсыздығын көрсеткенін айтты.

«Хабар» арнасының бұған дейінгі даулы жағдайлары

Айта кетейік, бұл «Хабар» арнасының қоғамда резонанс тудырған алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін арна тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелді ток-шоуға шақырып, оның келісімінсіз, бетін жабатынына уәде беріп, күйеуін эфирге шығарған болатын. Бұл жағдай жәбірленушіге ауыр тиіп, үлкен дауға ұласып, қоғамның қызу талқысына түскен еді.

Новости

Реклама