Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Илон Маск Венгриядағы жаңа билікке кімнің ықпал еткенін айтты: Джордж Сорос қозғалысы

Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск Венгриядағы жаңа биліктің артында америкалық қаржыгер әрі филантроп Джордж Соростың қорлары тұрғанын айтты.

Бұған дейін Соростың ұлы Венгриядағы парламент сайлауына қатысты пікір білдіріп, оппозициялық "Тиса" партиясы дауыстардың 98,79 пайызы саналғаннан кейін 199 орынның 138-ін иеленіп, алда келе жатқанын айтқан. Ол венгр халқы "өз елін қайтарып алды" деп мәлімдеген.

"Соростың ұйымы Венгрияда билікті басып алды", - деп жазды Маск әлеуметтік желіде қаржыгер ұлының жазбасына пікір білдіре отырып.

Джордж Сорос кім?

Джордж Сорос - венгр текті американдық трейдер және инвестор. Ол "Ашық қоғам" қайырымдылық ұйымдары желісін құрған. Медиада Сорос өте қайшылықты тұлға ретінде танымал: біреулер оны демократия мен білімді қолдайтын филантроп десе, екіншілер оны сансыз "түрлі-түсті революцияларды" қаржыландырумен және жаһандық басқарумен байланыстыратын ықпалды спекулянт пен "сұр кардинал" санайды. Сорос қорлары бірнеше мемлекетте биліктің ауысуын ұйымдастырды деген айыптарға жиі ұшыраған.

БАҚ-та Соросты АҚШ Демократиялық партиясымен жиі байланыстырады. АҚШ президенті Дональд Трамп болса, АҚШ-тағы наразылық акцияларының артында Сорос пен басқа да солшыл радикалдар тұрғанын мәлімдеген.

Венгриядағы сайлау

Жексенбі күні, 12 сәуірде Венгрияда парламент сайлауы өтті. Онда елдің келесі премьер-министрі кім болатыны да анықталды. Дауыстардың 90 пайыздан астамы саналғаннан кейін, оппозициялық еуропашыл "Тиса" партиясының жетекшісі Петер Мадьяр айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның партиясы парламентте конституциялық көпшілікке ие болып, басқа фракциялардың қолдауынсыз заң қабылдай алатын мүмкіндікке ие болды.

16 жыл билікте болған бұрынғы премьер-министр Виктор Орбан өз партиясы үшін нәтижені "айқын және ауыр" деп мойындады. Мадьяр Орбан үкіметін дереу отставкаға кетуге шақырды.

Новости

Реклама