Photo: freestocks.org (https://www.pexels.com/@freestocks) / Pexels
- 16 апр. 2026 17:30
- 741
Интимдік видеосы таралған тамада: Әйелінің жүктілігін жариялап, жұртшылықтан өтініш жасады
Әлеуметтік желіде интимдік видеосы тарап кеткен тамада Хан есімді азамат пен оның әйелі жұртшылыққа үндеу тастады. Хан әйелінің жүкті екенін, жақында әке атанатынын айтып, қуанышымен бөлісті. Ол әйелінің бұл жаңалықты тосын сый ретінде айтқанын жеткізді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Мен тағы да әке атанамын. Жұғысты болсын сіздерге де. Ғашықтар күні құтты болсын! Менің ғашығым маған өмірімдегі ең үлкен сыйлықты жасады. Ұл болса-Қозы, қыз болса-Сұлу деп қоямыз. Артық сөз жазбауларыңызды сұраймыз. Уайымдатпаңыздар жанымды», - деп жазды тамада.
Айта кетейік, бұл жаңалық желі қолданушыларының арасында түрлі пікір тудырды. Кейбірі оны құттықтап жатса, енді бірі оның әрекетін сынап, әйелінің өмірін құртты деп айыптады.