Иран Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ әскери нысандарына соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Кувейттегі Мина-Абдалла ауданында орналасқан АҚШ Қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығына соққы берілгенін жариялады. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телерадиокомпаниясы IRIB хабарлады.

Сонымен қатар, ирандық тарап Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотының басқару орталығы мен әскери қоймаларына шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл соққы «Наср-2» операциясының төртінші кезеңі аясында жасалған.

Бұған дейін АҚШ Иран аумағына жаңа әуе соққы жасап, Тегеранмен келіссөздердегі ұстанымын күшейту мақсатында Иранның теңіз порттарына қатысты блокаданы қайта енгізген болатын.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң ескерту жасап, келісім жасасуға шақырды. «Келісімге келгендеріңіз дұрыс болады. Әйтпесе, елдеріңізден ештеңе қалмайды, тұрғындарыңыз да опат болады», — деген болатын АҚШ президенті.