Последнее обновление

(Время обновление 2 месяца назад)
Жамбылда зауыт жұмысшысы қытайлық бастығын соққыға жыққан

Жамбыл облысында орналасқан өндірістік кәсіпорында еңбек дауы қылмыстық іске ұласты. Жұмысшы мен қытайлық басшының арасында туындаған жанжал төбелеске ұласып, сот залында аяқталды.

Оқиға өндірістік құжатқа — жұмыс уақытын есептейтін табельге қол қою кезінде басталған. Қызметкер бастығына құжатпен жүгінгенде, ол қол қоюдан бас тартып, екеуара дау туған. Ашуға булыққан жұмысшы өзін ұстай алмай, басшысын бірнеше рет бетінен және денесінен ұрып жіберген.

Жәбірленуші медициналық көмекке жүгініп, артынша полицияға арыз жазған. Жұмысшыға ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") бойынша айып тағылды.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, кешірім сұрап, қатаң жаза қолданбауды өтінген. Бірақ жәбірленуші кешірім бермеді және моральдық зиян мен шығынның орнын толтыру үшін 1 миллион теңге талап етті.

Сот үкімімен жұмысшыға 40 айлық есептік көрсеткіш — 157 280 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол 500 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама