Коучинг жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Интернет желісі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Мұғалімдер критериалды бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері қолданып жүрген бағалау түрлерімен салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий және дескриптор жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, сабақтарында қолдануға бейімделеді.
Оқыту әдістері: Тренинг, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТО, Миға шабуыл, Блум таксономиясы, Кері байланыс
Психологиялық ахуал
Тренинг 3 мин
Мұғалімдермен амандасу.
Тренинг: «Мен басқаның көзімен».
Топқа бөлу 2 мин
Түрлі - түсті ұшақтар арқылы топқа бөлу. Ұшақтардың қанатында 3 тілдегі сөздер жазылған.
Қатысушылар қай тілдегі сөзі бар ұшақты алса, сол сол топқа бірігеді, осылайша 3 топ құралады.
Білу 5 мин
Бағалау туралы не білесіз? Бағалау бізге не үшін керек?
Түсіну 5 мин
Интербелсенді тақта арқылы қосымша мәлімет көрсетемін.
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін - өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критериалды бағалаудың екі түрі бар – қалыптастырушы және жиынтық
Қалыптастырушы баға нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталады
Жиынтық бағалау
Белгілі бір тарауды оқып біткенде, бақылау жұмысында, қорытынды тесте, емтиханда оқушылардың оқып - үйренгенін есепке алу мақсатында жүргізіледі.
Енді біліміңізді ары қарай шыңдау үшін нені білгіңіз келеді соны жазыңыздар.
Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі
«№3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дуржанова Бибисара Калиаскаровна
Толық нұсқасын жүктеу
Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Сабақтың тақырыбы: Жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
5 марта 2024 г.758 просмотров

#тренинг#коучинг жоспары#жаңаша бағыттағы бағалаудың тиімділігі
Рекомендуем
Новый дуэт: Жигер Ауыпбаев и его на 15 лет младшая жена удивили всех своим талантом (ВИДЕО)
Певец Жигер Ауыпбаев показал, как его жена Мумина, которая на 15 лет младше, играет на домбре. Артист удивлен талантом супруги, а пользователи Сети в восторге.
6 мин назад
Молдир Мукан объединила три семейных торжества в один праздник
Певица Молдир Мукан отметила окончание университета дочери, выпускной второй дочери и сундет-той сына, объединив три торжества в один праздник.
6 мин назад
Испания стала первым финалистом ЧМ-2026 по футболу
Сборная Испании разгромила Францию 2:0 в полуфинале ЧМ-2026 и стала первым финалистом. Голы забили Оярсабаль и Порро. Финал 20 июля с победителем пары Англия-Аргентина.
26 мин назад
← НазадИсточник: bilimdiler.kz

