Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
Жәнібекке қатысты тың дерек: туған анасы болуы мүмкін әйел табылды ма?

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелге кеткен Жәнібекке (Jani Saveliev) қатысты жаңа мәлімет пайда болды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйел туралы дерек

Редакцияға жолданған хатта Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйел жайлы деректер келтірілген. Айтылған мәліметтер Жәнібектің бұрын белгілі болған өмірбаянымен сәйкес келеді.

Хат авторының жазуынша, күдік тудырып отырған әйел 2002 жылдары Моңғолиядан Арқалық қаласына оқуға келген. Сол кезеңде жүкті болып қалған ол бұл жағдайды ата-анасына айтудан қорқып, перзентханада босанып, арнайы қолхат жазу арқылы баласынан бас тартқан.

Хатты жазған адам бұл әйелдің өзінің қайын әпкесі екенін атап өткен. Оның айтуынша, Жәнібек сол уақытта дүниеге келген бала болуы әбден мүмкін. Себебі олардың туған күндері сәйкес келеді.

Сонымен қатар, баласын іздеп жүрген әйел Жәнібектің өзіне қатты ұқсайтынын да айтқан. Бұл жайт күдікті одан әрі күшейте түскен.

Хат соңында автор: "Қайын әпкем ДНК сараптамасын тапсырып, Жәнібекке қатысы бар-жоғын анықтағысы келеді" деп жазған.

Новости

Реклама