Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар
№ 28 сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбыЖартылай өткiзгiштердегi электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар
Курс, топ1 курс, 
Модульдің атауы/пәнФизика
Оқытушы
Мерзімі
Сабақтың типіАралас 
Сабақтың оқу мақсаттарыжартылай өткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуын түсіндіру;
Сабақ мақсаттары
  • v  Жартылай өткізгіштік жайлы түсінік қалыптастыру;
  • v  Жартылай өткізгішті құралдардың атқаратын қызметін білу;
  • Фотрорезистор, термистор және диодтың волть-амперлік сипаттамасын талдау және графигін салу.
Бағалау критерийлеріКейбір химиялық элементтердің жартылай өткізгіштік қасиетін түсіндіре алады;
n-типті және  p-типті жартылай өткізгіштерді алу жолдарын біледі;
Термисторлардың, фоторезисторлардың қолданылуын түсінеді, сипаттй алады;
Кедергінің температураға тәуелділігін талдап, кесте құра алады.
Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиетСтуденттер интернетте ақпаратты табу үшін жұмыс істейді
Пәнаралық байланыстар
Математика – графиктер тұрғызуда қолданылады
Сабақтың барысы
Жоспарланған мерзімдерЖоспарланған әрекеттерРесурстар
  1. мин.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру.     Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін айқындау. 
  • Электр тогы дегеніміз не?
  • Қандай жағдайларда (шарттарда) ток пайда болады?
  • Электр тогы қандай орталарда өте алады? 
Сабақтың мақсатын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талдау.
Әдіс-тәсіл: Интербелсенді тақтада ұсынылған презентацияны қолданып мұғалім оқушылармен бірге оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін талдайды және де оқушылар «Болжам» әдісінің негізінде сабақ соңындағы жетістіктері туралы болжам жасап, пікір білдіреді.
Жұмыс түрі: Жеке жұмыс.

Сабақтың басталуы
.
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл» әдісі, Сұрақтар:
1) Қандай денелер өткізгіш деп аталады?
2) Сұйық металлдарда өткізгіштіктің қай түрі орын алады?
Электролит ерітінділерінде (тұздар, қышқылдар және негіздер) электр өрісінің әсерінен қарама-қарсы бағытта қозғалатын оң және теріс иондар арқылы электр заряды тасымалданады.  
Талдау және зерттеу ұйымдастыру мақсатында диалогтық оқыту әдісі қолданылады. Мұғалім презентация көмегімен келесі мәселелер төңірегінде оқушылар арасында сұхбат ұйымдастырады: электролиттік  диссоциация, диссоциация дәрежесі, рекомбинация, электролиттер, Фарадей заңы.
Жұмыс түрі: сынып көлемінде. 
Бағалау: мұғалім комментарийі, кері байланысы.
Жаһандық азаматтық: адамзат игілігі үшін электролиз процесінің өндірісте қолданылуына талдау жасау

Сабақтың ортасыІІІ. Жаңа білімді игеру
Жаңа білімді игеру мақсатында «Билимленд» сайтынан бірнеше бейне көрініс көрсетіледі. Сосын оқушыларға  қабілетіне қарай екі түрлі тапсырма беріледі.
  1. Қабілеті жоғары оқушылар қабырғаға ілінген материалдармен танысып, өздері сұрақтар құрастырады.
  2. 2.      Қалған оқушылар қабырғаға ілінген материалдармен танысып, қолдарындарындағы мұғалім құрастырған сұрақтарға жауап береді.
Қабілеті жоғары оқушы өзі құрастарған сұрақтарды басқа оқушыларға қояды. Ал, дайын сұраққа жауап берген оқушылардың     сұрағын мұғалім тексеріп кері байланыс береді.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары 
Оқушылар жаңа тақырыпты бекіту мақсатында мұғалімнің қолдауымен «Қосымша 2» көрсетілген тапсырмаларды орындайды.
V. Қалыптастырушы бағалау 
Жаңа білімді бағалау мақсатында «Қосымша 3»-те  көрсетілген қалыптастырушы бағалау жұмысы жүргізіледі
Презентация
Бекіту
10 минут
Есептер шығару. 
«Фарадей заңы»
  1. Өткізгіштің кедергісі 20 °С температцрада 25 Ом, ал 35 °С кезінде 25,17 Ом. Кедергінің температуралық коэффицентін анықтаңыз. 
  2. Күміс өткізгіштің кедергісі қандай температурада өзінің 0 0С  кезіндегі кедергісінен 2 есе көп болады? α=0,004 К-1
  3.  Мыстың элекетрохимиялық эквивалентін анықтау үшін жасалған тәжірибеде келесі мәліметтер алынды: өткізгіш токқа 20 мин қосулы тұрды, ток күші 0,5 А, катодтың тәжірибе жасағанға дейінгі массасы 70,4 г, тәжірибеден кейінгі массасы 70,58 г. Осы мәліметтер бойынша мыстың электрохимиялық эквивалентінің қандай мәні алынған?
  4. Алюминийді электр тәсілімен өндіргенде ток күші 40 кА болғанда, 5 В кернеумен жұмыс істейтін ванна қолданылады. 1 т алюминийді өндіру үшін қанша уақыт қажет және бұл жағдайда энергия шығыны қандай? k=0.093×10-6 кг/Кл
  5. Техникалық норма бойынша электролиттік ваннадағы кернеу 0,4 В болса, 1 т мысты рафинадтауға жұмсалатын энрегия шығыны қандай болады? k=0.33×10-6 кг/Кл

Сабақтың аяқталуы
Кері байланыс 


Ұйымдастырылуы:  тапсырмалар түрлері өте жақсы ұйымдастылған


Тақырыптың түсініктілігі:  мәліметтер қабылдауға жеңіл


Сабаққа қатысу: барлық тапсырмаларды орындауға белсенді қатыстым


Дауыс: мұғалімнің және оқушылардың даусы құлаққа жағымды естілді


Конспект жазу
Үйге тапсырма
1. §оқып, түсінік айту
2. Өмірден мысал ойлап, түсіндіру
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
 10 сыныпқа арналған физика оқулығы (Жаратылыстану –математика бағыты) Б.Кронгарт, В.Кем, Н. Қойшыбаев  

You Might Also Like

Новости

Реклама