Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Жігітпен жатпағанмын": Гүлмира Ізбасханның сөзі жұртты таңғалдырды

Әнші Гүлмира Ізбасхан "Kezdesu" YouTube арнасына берген сұхбатында өзі туралы біраз шындықтың бетін ашты. Ол өзін "еркекке ұқсайсың" деп сынайтындарға жауап беріп, жұртты елең еткізген мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дененің пішіні мен тәрбие туралы

Әнші өзінің сыртқы келбетіне қатысты айтылатын сынды жоққа шығарып, былай деді: "Менің фигурам жасөспірімдікіндей. Мен жігітпен жатпағанмын. Жігітпен жатқан қыздың бөксесі өсіп, мүсіні өзгереді".

Ізбасхан өзінің тәрбиесіне тоқталып, Шымкенттік дәстүр бойынша күйеуге шыққанға дейін адал болу керектігін айтты. "Менің санама сол КСРО кезіндегі тәрбие қалып қойған. Қазіргі қыздар ондай емес. Мені олар ауылбай дер, бірақ менің бөксемнің жоқтығы содан", - деп түйіндеді әнші.

Новости

Реклама