tengrinews.kz
- 15 апр. 2026 23:00
- 40
Жолдағы жаңа ереже: Камералар жүргізушілерді қадағалай бастады
Еліміздегі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілген жаңа жүйе бойынша, 12 наурыздан бастап жол камералары жаңа түрдегі бұзушылықтарды анықтай бастады. Бір ай ішінде атқарылған жұмыстардың алғашқы нәтижелері жарияланды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік дерекқорларды пайдаланатын жүйе іске қосылғаннан бері келесідей деректер анықталды:
Жүргізушілерге ескерту
ІІМ өкілдері бұл жүйенің мақсаты – жазалау емес, бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін атап өтті. Министрлік азаматтарды заң талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырды: сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, уақтылы техникалық байқаудан өтіп, жол ережелерін қатаң сақтау қажет.
Телефонды жолда қалай қолдануға болады?
Полиция бұған дейін телефонды арнайы ұстағышқа бекітіп, тек навигатор ретінде қолдануға рұқсат етілетінін хабарлаған болатын. Бұл ретте, жүргізуші қозғалыс кезінде құрылғымен өзара әрекеттеспеуі тиіс.
Сонымен қатар, заңнамада телефонды қолында ұстауды талап етпейтін байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынбаған. Бұған hands-free жүйелері, Bluetooth, автомобильдің штаттағы мультимедиалық жүйелері, сондай-ақ дауыспен басқару кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, жүйе заң рұқсат еткен жағдайларда, мысалы, кептеліс тудырғанда немесе сыртқы жарық аспаптарын дұрыс пайдаланбағанда автоматты түрде ескерту шығара алады.