Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жұлдыздар шеруі
«Жұлдыздар шеруі» сценарийі
Қатысушылар: Жұлдызнамашы апай, Жетіқарақшы, Сүмбіле, Құс жолы, Таразы, Темірқазық, Үркер, Шолпан жұлдыздары. Жұлдыздар бастарына Варонка қалпақ, үстеріне иығына жамылған арнайы киімдерімен, Қолдарына қағаздан жасалынған дүрбілерімен шығады.
-/Музыка фонымен ізіне жұлдыздарын ерткен жұлдызнамашы апай шығады./
1 - апай: Мынау адамзатқа жарық жылуын шашып жарқыраған күн күліп, алтын айы алмасқан аспан әлемінде, қаншама жұлдыздар бар. Осынау ғарыштың қойнауындағы сан мыңдаған сыйқырлы жұлдыздардың сұлулығына қарап көз тоймастай таңданамыз. Біз - ұстаздар, әрбір баланы осындай жарық жұлдызға теңесек, онда олардың бәрінің жанының тереңіне үңіліп, құпияларын ашып, жарқырауына себепші болуымыз қажет. Ал менің ізіме ерген кішкентай жұлдыздарым сіздерге бүгінгі салтанаттың сұлулығын ашып, оның мағынасымен мәнін болжауға көмектеседі... Солай ғой, менің жомарт жүректі жұлдызшыларым..
Жұлдыздар: Әрине.. солай. Сіз сұраңыз. Біз жауап береміз.
Апай: Жеті қарақшы. Сен жұлдыздардың ішіндегі бізге ең танысы, жақынысың ғой. Біздің елеіміздеге болашақ білімнің жолы қалай болар екен?
Жетіқарақшы: \Дүрбісімен аспанды шолып, қарап\ Дана халық «білімсіз күнің жоқ» деген. Білімнің жолы қай кезде де құс жолындай жарық болар. Болашақта Еліміздің білім саласында көптеген оң өзгерістер болып, оның сапасы мен дәрежесі әлемдегі ең озық үлгіге айналады екен.. Я.. солай.
Апай: Ал енді Сүмбіле. Сен айта қойшы? Ертеңгі Ұлттық бірыңғай тестілеуде біздің үкілеп қарап отырған «Алтын белгіге» үміткерлеріміздің арманы ақиқатқа айналама?
Сүмбіле: Я.. Олардың жұлдыздары жоғары да, жайнап тұр. Сынақтан сүрінбей өтіп, мектептің мерейін тасытып, өздерінің шынайы білімдерінің шыңына шығады екен. Рас... Менің жұлдыздарым жалған айтпайды.
Апай: Менің тымпиған Таразым. Өзіңнің тағылымды таразыңа тартып көрші. Жалпы біздің түлектердің сынақтағы деңгейлері қалай болады?
Таразы:/Жұлдызға дүрбісімен қарап алып/ Биылғы түлектердің бәрі де жоғарғы, өздері мақсат еткен балдарын жинап, бәрі де армандаған мамандық иелері атанады екен. Еліміздің көркеюіне үлес қосар елдің бір - бір азаматтары атанарына күмәнім жоқ.. Жұлдыздар солай дейді..
Апай: Айтқаның келсін Таразы. Ендігі кезекті Темірқазыққа берейік. Біздің мектебіміздің алдағы уақыттағы білім мен тәрбие саласында қандай жақсы жаңалықтар болады, білесің бе?
Темірқазық: Қазір, байқап көрейік./Аспан әлемін бір шолып алып/ Біздің мектебіміз болашақта, тіпті жақында білім саласында тамаша жетістіктерге жетіп, ұстаздардың мерейі жоғарыдан көрінеді екен. Көптеген «Алтын белгі» иегерлері дайындалып, алдағы жылдары мектебіміз «Гимназия» дәрежесіне алады.. Бұл жұлдыздай жарық, айдай анық, ұстазым!

Апай: Рахмет, темірқазығым! Ал енді ғарыш көктегі «Үркерім» Сен айта қойшы, біздің бүгінгі ауылымыздың жағдайы мен келешегін айта аласың ба?
Үркер:\Аспанды шолып алады/ Я.. біздің ауылымыз бүгін көркеюдің жаңа жолына түсіпті. Түрлі елге қызмет жасайтын нысандар салынып жатыр екен.. Иманымыздың айнасы жаңа Мешіт бой көтереді.. жалпы ауыл халқының тұрмыс - тіршілігі бұдан әрі жақсара түседі екен.. Жаңа жұмыс орындары ашылады.. Өнерімізбен мәдениетіміз ілгері өрлейді...
Апай: Ендігі кезек менің таң алдында ерекше жарқырайтын жарығым «Шолпан» жұлдызға келді. Шолпаным! Сен біздің Қазақстанның болашағын болжап берші..?
Шолпан:\Дүрбімен аспан әлемін шолып шығады\ Бүгінгі біздің Қазақстанымыз - әлемдегі ең берекелі бірлігі жарасқан, ынтымағы ырысқа айналған, байлығының базарлы бақытын көріп отырған, жері құтты, қуаты мықты ел екен! Елімнің болашағы жарқын. Осындай ынтымақ пен бірліктің, еселі еңбектің арқасында әлемдегі ең озық, білімі мен мәдениеті дамыған елдердің қатарынан ойып орын алып, елбасымыз айтқан «Мәңгілік елге» айналамыз.. Міне... солай.
Апай: Керемет! Рахмет сендерге менің кішкентай жұлдызшыларым. Сендер барлық мерекеге жиналған елдің көңілдерін көтеріп тастадыңдар. Бүкіл адамзатқа ортақ аспан әлемінің әрін келтіріп, мәңгілік жарқырап тұра беріңдер....
/Музыка фоны беріледі. Осыдан соң бәрі қол ұстасып хормен өлең айтады./
Хор: Ғарыш көктің сұлулық, әр қабаты
Ақ пейілден қалқысын.. ән қанаты
Түлектерге сәт сапар біз тілейміз
Құтты болсын «Қоңырау» салтанаты
Дарысын білімнің құт, уыз нәрі
Шәкірттер, ең дарынды ұл - қыз, бәрі
Мектебімнің мерейі таси берсін
Жарқырасын әр баланың жұлдыздары.

/ Осыдан соң аспанға жұлдыз - шарлар ұшырылуы керек. Ал кішкентай жұлдызшылар музыка фонымен жоғары көтеріліп, жүргізушілерді алып түседі. Жалпы жұлдыздарды пайдалану керек. барлық түлектер орындарына жайғасып болғанша жұлдыздар кетпейді./

You Might Also Like

Новости

Реклама