Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Журналист Тұрсын Алагөзовтің өнімдерін сынап, пиар әрекеттеріне қатысты пікір білдірді

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желіде Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызының өздері өндіріп, жарнамалайтын өнімдерді тұтынбайтынын алға тартты. Ол сондай-ақ компанияның пиар әрекеттеріне де қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнімдерді өзі қолданбай, табыс табу

Гүлбану Әбенованың айтуынша, табыс әкелетін өнімді өндірушілердің өздері оны тұтынбауы – жиі кездесетін жағдай. «Адам өзі қолданбайтын өнімдерден миллион табады. Тіпті сусындарын да ішпеуі мүмкін, бірақ сол арқылы миллиардтар табады», – деп жазды журналист.

«Цесна» өнімдеріне қатысты сын

Сондай-ақ, журналист «Цесна» компаниясының өнімдеріне қатысты да сын айтты. «Біз етке арналған қамырды көптен бері «Цеснадан» алып жүрміз. Бұрын да жазғанмын: қаптамада көрсетілгеннен салмағы аз болып шығады. Бұл – адал іс емес», – деді Әбенова.

Пиар науқаны мен қызметкерлер жалақысы

Журналист компанияның пиар әрекеттеріне де тоқталды. «Пиар үшін пәтер таратып жатыр (бірақ әзірге ол үйлерге ешкім кірмеген — адамдар тек сертификатқа қуанып отыр). Неге соның орнына қызметкерлерге өздері 15–20 миллионға пәтер ала алатындай лайықты жалақы төлемеске? Оның орнына төмен жалақы, «сыйлықтар» және өз байлығын жарнамалау ғана», – деп жазды Әбенова.

Өз сөзінің дәлелі ретінде журналист Threads желісіндегі қолданушы пікірін де келтірді. Онда автор Алагөзовтердің үйі туралы видеоны көргеннен кейін олардың басқа өнім қолданатынын байқағанын айтқан. ««Цеснаның» көпжылдық тарихына құрметім болғанымен, олардың ұнын ешқашан қолдана алмадым. Ұнамайды. Алагөзовтердің үйі туралы шығарылымды көріп отырып, бәрін осы ұнмен дайындай ма деп ойладым. Бірақ кейін таныс “Dani nan” қаптамасын көрдім де, бәрі түсінікті болды», – деп жазды желі қолданушысы.

Новости

Реклама