Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
"Кәпірді алдың": Тұрсын Алагөзовке діндардан қатты сын айтылды

Әлеуметтік желіде діндар азамат кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке қатысты пікірін білдіріп, оның отбасы мен бизнесіне қатысты сын айтты. Ол Алагөзовтің әйелі Баянның ислам дініндегі кәпір екенін алға тартып, оған үйленуге болмайтынын айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Діндардың Алагөзовке айтқандары

Діндар азамат Тұрсын Алагөзовтің өмірінде үлкен қателіктер жібергенін айтып, оған ақыл-кеңес берді. Ол өзінің жағдайы жақсы екенін, әйелдерінің бәрінің пәк болып келгенін және олардың қыздығын өзі алғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Тұрсын Алагөзовтің әйелі Баянның тәңіршіл (кәпір) екенін айтып, Құранда кәпір әйелге үйленуге тыйым салынғанын еске салды.

«Сен бүгін мұсылман емес, халықтың жауына көбірек ұқсайсың. Себебі сен сыра сатасың. Алла спирттік ішімдікке тыйым салған. Екіншіден, сен «Макси шайыңмен» балаларды улап жатырсың», - деді діндар.

Бизнес пен өнімдеріне қатысты айыптаулар

Діндар пластик ыдыстағы «Макси шайының» зиянды екенін айтып, Тұрсын Алагөзовтің өзін де, оның үйіндегі заттарын да «харам» деп атады. Ол кәсіпкердің бұл әрекеттері арқылы халықты улап отырғанын алға тартты.

Новости

Реклама