Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі қала әкімдігінің меншігіне өтпекші

Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі қала әкімдігінің меншігіне өтпекші,деп хабарлайды Infohub.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген Астанадағы тұрғын үй ресми түрде қала әкімдігінің балансына беріледі. Бұл туралы әкімдік өкілдері хабарлады. Жоспар бойынша, нысан “әлеуметтік қажеттіліктер үшін” пайдаланылмақ. Яғни, үйді әлеуметтік салаға қатысты мақсаттарға – мемлекеттік мекемелерді орналастыруға немесе халыққа қызмет көрсету бағытында қолдану көзделуде.

Айта кетейік, аталған тұрғын үй 2025 жылдың ақпанында сатуға қойылған еді. Ол кезде үйдің құны 1,8 миллиард теңге деп бағаланып, сауда-саттыққа шығарылған болатын. Алайда кейіннен стратегиялық маңызы ескеріліп, оны мемлекеттік меншікке қайтару туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін де Кәрім Мәсімовтың түрлі мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленген болатын. Бұл процесс оның қызмет бабын асыра пайдалану, жемқорлыққа қатысы бар деген айыптаулар бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында жүзеге асырылған.

Астана әкімдігі тәркіленген үйді қандай мақсатта қолданатынын жақын арада нақты жариялайтынын мәлімдеді. Әзірге үйге қатысты реконструкциялау немесе бейімдеу жұмыстарының қажеттілігі қарастырылып жатыр.

---

You Might Also Like

Новости

Реклама