Последнее обновление

(Время обновление 19 минут назад)
Көкшетауда миллиондаған ақшасын салып, бес жылдан бері пәтер күткен үлескерлер

Көкшетаудағы үлескерлер бес жылдан бері өздерінің ақшасына салынған пәтерлерін ала алмай далбасалап жүр. Құрылыс компаниясы мерзімді үнемі кейінге шегеріп, халықты алдап отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үміт үзілген үлескерлер

2021 жылы басталған тұрғын үй кешенінің құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған. Көптеген үлескерлер пәтерлері үшін толық ақшасын төлегенімен, құрылыс қарқыны бәсеңдеп, бес жылдан бері үйдің қашан тапсырылатыны белгісіз болып отыр. Тұрғындар жергілікті биліктен араласуды талап етіп, ақшаларын қайтаруды немесе құрылысты жеделдетуді сұрауда.

«Біз ақшамыздың бәрін, 100 пайызын төледік. Мен 100 пайыздық үлескермін. Бізге желтоқсан айының басында пәтерлерге кіреміз, құжаттарымыз қолымызда болады деген еді. Содан бері, 2021 жылдан бері, қазір 2026 жыл болды. Бұл жағынан ештеңе өзгерген жоқ», - дейді үлескер Мария Романова.

Құрылыс компаниясының уәделері

Құрылыс басқармасы бұл мәселемен бұрыннан айналысып келеді. Әлі басталмаған үшінші блокқа жаңа мердігер табылып, ол қазір үлескерлер туралы мәліметтерді жинап, жұмысты бастауға дайындалуда. Екінші блокты бұрынғы компания аяқтайтын болады. Оның басшылығы 2022 жылғы дағдарысты, аймақта кірпіш тапшылығы болғанын алға тартты. Алайда, бұл жолы бәрі аяқталуға жақын екеніне сендіреді. Бірақ нақты мерзімді айтудан бас тартты.

«Компания бір кездері осындай дағдарысқа тап болды. Қазіргі таңда біз бұл жағдайдан шығып келеміз. Құрылыс аяқталуда. Тек ішкі әрлеу жұмыстары қалды, сондай-ақ екі ай мерзімі бар лифт жеткізілімін күтеміз», - деді құрылыс компаниясының директоры Санат Шакимов.

Новости

Реклама