Последнее обновление

(Время обновление 2 часа назад)
Көлік салығын төлемесеңіз, банк шотыңыз бұғатталып, шетелге шығуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандықтар 2025 жылға арналған көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуі тиіс болған. Бұл мерзім өтіп кетсе, 2 сәуірден бастап берешек сомасына өсімпұл есептеледі. Яғни, әрбір өткен күн сайын төленетін сома арта береді. Оның үстіне, ұзақ уақыт бойы салық төленбесе, шетелге шығуға шектеу қою немесе берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу сияқты қосымша шаралар қолданылуы мүмкін.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Уақытылы төлемеген жағдайда не болады?

Өсімпұл 2 сәуірден бастап есептеледі және әрбір күн сайын артады. Егер салық төленбесе, көлік иесіне хабарлама жіберіледі. Одан кейін берешекті өтеуге 30 жұмыс күні беріледі.

Бұл мерзімде де қарыз өтелмесе, салық бұйрығы шығарылады. Тағы 5 жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға көшуі мүмкін.

Берешек сомасын есептеу үшін Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 1,25 коэффициентіне көбейтіледі. Бұл жылдық өсімпұл мөлшерін анықтайды. Одан кейін бұл сома 365 күнге бөлініп, берешек сомасы мен өтіп кеткен күндер санына көбейтіледі.

Мысал:

16,5% мөлшерлемемен 100 000 теңге берешек үшін 10 күн кешіктірсеңіз, өсімпұл шамамен 565 теңге болады.

Өсімпұл күн сайын артады. Тіпті шағын берешек те уақыт өте келе елеулі мөлшерге жетуі ықтимал.

Берешек болған жағдайда мынадай жағдайлар орын алуы мүмкін:

Қайдан тексеріп, қалай төлеуге болады?

Салықты тексеру және төлеу үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

Новости

Реклама