Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
«Күлейін бе, жылайын ба?» Жәкішевтің құдағиы қазақша пікірге жауап берді

Әлеуметтік желіде кәсіпкер Жәкішевтің құдалары әлі де қызу талқыланып жатыр. Бір желі қолданушысы Жәкішевтің құдағиы жариялаған сурет астына пікір қалдырып, жұбайларға ақ тілегін білдірген. Ол: «Өздері қара болса да, құдаларымыздың жүректері әппақ екені көрініп тұр» деп жазып, екі отбасының татулығын тілеген.

Бұл пікірге құдағи жауап беріп, ағылшын тілінде: «Even though they are black… I’m not sure whether to laugh or cry» деп жазды. Яғни, «“Қара болса да…” деген сөзді оқып, күлейін бе, жылайын ба білмеймін» деген мағынаны білдіреді.

Бұл жауап көпшіліктің назарын аударып, желіде түрлі пікір туғызды. Кейбірі қазақ тіліндегі тіркестің астарында жаман ниет жоқ екенін айтса, енді бірі адамның терісінің түсіне ерекше мән берудің өзі орынсыз екенін алға тартты.

Новости

Реклама