Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Ләйлә Сұлтанқызы Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесті: «Көзіме жас келді»

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің анасымен кездесіп, жүрек тебірентерлік жазба жариялады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист әр адамның жүрегінде орындалмай жүрген арманы болатынын айтып, көп жылдан бері Батырханның анасының жағдайын сұрамағанына іштей қынжылып жүргенін жеткізді. Ол өзінің бұл сапарына «Qazaqstan TV» жобасының басталуымен байланыстырды.

«Мен де бірнеше жылдан бері Батырдың анасының жағдайын сұрамадым деп іштей ауырлап жүр едім. Оның үстіне «Qazaqstan TV» жобасы басталар алдын, өзім қатты батасын алғым келді», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Анаға деген құрмет

Тележүргізуші кездесуден алған әсерімен бөлісіп, Батырханның анасына деген ерекше құрметін білдірді. Ол Дилара анамыздың әдемі, ұқыпты көрінгеніне қуанғанын айтты.

«Қашанда әдемі, ұқыпты, шашы жинақы жүретін Дилара анамызды көріп, ерекше қуандым. Бір жағынан жүрегім елжіреп, көзіме жас та келді… Бүгінде қолында келіні бар, жағдайы жасалған. Бірақ ананың жүрегі бәрібір бөлек қой… Батырды дүниеге әкелген ананың тағдырын, сезімін, сағынышын жүрекпен сезгендеймін. Батыр досым, жаның тыныш болсын», - деді тележүргізуші.

Новости

Реклама