Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініш қабылданып жатыр.

15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 - 20 тамыз аралығында қабылданады.

3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Докторантураға түсу емтихандары 4 - 20 тамыз аралығында өткізіледі.

Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы ЖОО қабылдау комиссиялары қабылдайды.