
- 15 авг. 2025 10:20
- 19
Маңғыстау облысы әкіміне қатысты алимент дауы сотта шешілді
Маңғыстауда соңғы айларда қоғам назарын аударған резонансты іс аяқталды. Кәмелетке толмағандарға арналған сот облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбайды бұрынғы мәслихат депутаты Ынташ Наурызованың ұлының әкесі деп таныды.
Даудың ашық сипат алуына экс-депутаттың әлеуметтік желідегі мәлімдемелері түрткі болды. Наурызованың айтуынша, үш жасар Әміре Наурыз аймақ басшысынан туған. Ол шенеунікпен арада болған қарым-қатынас жайлы айтып, бала дүниеге келген соң Қилыбайдың өмірінен кеткенін жеткізген. Ал әкім бұл айыптауларды жоққа шығарып келген.
Сот шешімі бойынша, Нұрдаулет Қилыбай баласы кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы табысының төрттен бірін алимент ретінде төлеуге міндеттелді. Осылайша, аймақты шулатқан іс бойынша соңғы нүкте қойылды.
-
Песков Трамптың атомдық сүңгуір қайықтар жөніндегі шешіміне түсініктеме берді,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.