Photo: Aleksandar Andreev (https://www.pexels.com/@andreevaleksandar) / Pexels
- 27 апр. 2026 14:30
- 28
Марқұм Мұхтар Шахановты "шарлатан" деп атаған азаматтың үндеуі жұртты дүрліктірді
Алматыдағы Розыбакиев көшесінің атын Мұхтар Шахановтың есіміне ауыстыру туралы бастама жұртшылықтың назарын аударды. Алайда, бұл ұсынысқа қарсы шыққан бір азаматтың әлеуметтік желідегі үндеуі қоғамда қызу талқыға түсті.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok желісінде Mambethador есімді қолданушы жариялаған видеода азамат ақынды "шарлатан" деп атап, оның еліміз үшін атқарған еңбегіне күмән келтірді. Ол сондай-ақ, көшенің атын ауыстыру туралы бастаманы ұсынған алматылықтардың әрекетін сынап, Розыбакиевтің есімін "шарлатанның" атына ауыстыруға болмайтынын айтты.
Көше атын ауыстыруға қарсылық
Видеодағы азаматтың айтуынша, Мұхтар Шахановты "Желтоқсандық бандиттерді ақтаған" деп айыптап, оның Қазақстан үшін жасаған еңбегін жоққа шығарды. Ол Розыбакиевтің есімін ауыстыру себебін оның ұлтымен байланыстырып, бұл әрекетті әділетсіз деп санады.