Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Мейрамбек Бесбаев «МузАРТ» тобының 25 жылдығына орай халыққа алғыс айтты

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев өзінің «МузАРТ» тобының 25 жылдық мерейтойына байланысты халыққа тебірене жазған алғыс хатын жариялады. Топтың еліміздің әр өңірінде өткен концерттеріне келген тыңдармандарға әнші шексіз ризашылығын білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«МузАРТ» тобының мерейтойы

Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында «МузАРТ» тобының 25 жылдық мерейтойының сәтті өткенін айтып, халыққа алғыс айтты. Әншінің айтуынша, топтың мерейтойлық концерттеріне еліміздің барлық өңірлерінен тыңдармандар қатысып, өздерінің жылы лебіздері мен баталарын беріпті.

«Алтын Қазаққа алғысымыз шексіз»

Әнші халықтың қолдауына ерекше тоқталды. «Біздің қуанышымызға арнайы келіп құттықтаған, бізбен қосылып ән шырқаған, бізге телегей теңіз қошемет көрсеткен Алтын Қазаққа алғысымыз шексіз!» деп жазды Мейрамбек Бесбаев.

Ол сондай-ақ, «МузАРТ» тобы әлі де өзінің биік шыңында екеніне көзі жеткенін және бұл жаңа жетістіктерге деген жігерін арттыра түскенін атап өтті.

Новости

Реклама