tengrinews.kz
- 23 февр. 2026 08:01
- 22
Мексикадағы қауіпсіздік: Шетелдіктерге елде қалуға кеңес берілді
Мексикадағы есірткі картельдерінің басшысы өлтірілгеннен кейін елде тәртіпсіздіктер мен қылмыс өрши түсті. Осыған байланысты АҚШ, Канада және басқа да бірқатар мемлекеттер өз азаматтарына Мексикада қауіпсіздік шараларын күшейтіп, мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес берді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халиско штатында «қызыл код» жарияланды
«Халиско — Жаңа буын» (CJNG) есірткі картельінің басшысы Немесио Осегера Сервантес («Эль Менчо») әскери операция кезінде өлтірілгеннен кейін, Халиско штатының губернаторы Пабло Лемус «қызыл код» режимін, яғни төтенше жағдайды жариялады. Елде жолдар жабылып, өрт шығу фактілері тіркелді. Әскери бөлімшелер қалаларға кіргізілді.
Көлік қатынасы мен әуе рейстері тоқтатылды
Қауіпсіздік жағдайына байланысты Мексиканың әуе компаниялары Халиско штатына баратын кейбір рейстерін тоқтатты. Сондай-ақ, ел бойынша автобус қатынасы да бұзылды. Ең ірі оқиғалар Гвадалахара мен Пуэрто-Вальярта қалаларында болды.
Басқа аймақтарға да тарады
Зорлық-зомбылық толқыны Мичоакан, Колима және Тамаулипас штаттарына да тарады. АҚШ елшілігі өз азаматтарына айналасына назар аударуды, құқық қорғау органдары жұмыс істейтін жерлерден аулақ болуды және мүмкіндігінше үйден шықпауды ұсынды.
Канада үкіметі Пуэрто-Вальяртада «өз үйінде қалу режимі» енгізілгенін хабарлады. Ұлыбритания, Австралия және Үндістан да өз азаматтарына сақтық шараларын күшейту туралы ескерту жасады.