Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Мемқызметкерлер жұмысын таңғы 7-де бастауы мүмкін

Елордадағы көлік кептелісін азайту мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты ертерек басталуы мүмкін. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин көтерді. Оның айтуынша, орталық атқарушы органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің жұмыс күнін таңғы 07:00 немесе 08:00-ге ауыстыру қажет.

Депутаттың мәлімдеуінше, елордада көлік инфрақұрылымына түсетін жүктеменің негізгі себебі — халықтың таңертең қала орталығына бір уақытта ағылуы. Әсіресе, мемлекеттік мекемелерде еңбек ететіндердің саны көп болғандықтан, олар қозғалыс тығынына едәуір әсер етеді.

"Таңғы уақыттағы жаппай қозғалыс күнделікті өмір сапасын төмендетіп, қала инфрақұрылымын шамадан тыс жүктеп отыр. Бұл мәселені шешудің бір жолы – жұмыс кестесін икемді ету", — дейді Нұралин.

Қазіргі таңда бұл ұсыныс талқылану кезеңінде. Қоғам мен сарапшылардың пікірінен кейін нақты шешім қабылданбақ.

You Might Also Like

Новости

Реклама