Мың түрлі тілек — Туған күнге құттықтау тілек жинағы
Туған Күнге Арналған Құттықтау Тілектер: Қазақша Құттықтау Сөздері жинағы
Құрметті оқырман, Сіздің жақындарыңызға арналған туған күнге құттықтау тілек сөздеріңізді байыту үшін керемет жинақ ұсынамыз. Бұл жинақта Сіз әртүрлі адамдарға, соның ішінде бауырларыңызға, ата-аналарыңызға, әжелеріңізге, досыңызға, жұбайыңызға арналған туған күн құттықтау тілектерін таба аласыз.
"Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын!" - бұл және басқа да тілектер Сіздің құттықтауларыңызды жеке және ерекше етеді.
Өміріңіздің әрбір кезеңінде жетістіктерге жетіп, армандарыңыз орындалсын деп тілейміз. Туған күніңіз құтты болсын!
Бұл жинақта қазақ тілінде жазылған туған күнге құттықтау тілектерінің кең ауқымын ұсынамыз. Осы арқылы Сіз өзіңіздің жақындарыңызға ерекше және жүректен шыққан тілектеріңізді білдіре аласыз. Бақыт пен қуаныштың шуағымен толы туған күндер тілейміз!
Туган күнге тилек Туған күнге құттықтау тілек сөздер Туған күн құтты болсын қазақша Туған күнге тілек (бауырыма, ағама, әпкеме, ініме, досыма, күйеуіме, әйеліме, әкеме, анама, атама, апама, әжеме) Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты Туған күнге тілектер/ Туылған күнге құттықтау тілектер / туган кунге тилек / туған күн құтты болсын поздравления с днем рождения на казахском языке / туган кунге куттыктау тилек создер / туған күнге құттықтау тілек сөздер, туған күн құтты болсын, туган кунге тилек казакша
"Әкеге Арналған Туған Күн Тілектері: Құрмет пен Алғыстың Сөздері"
Құрметті оқырман, бүгін Сіздің әкеңіздің туған күні болса, осынау ерекше күнді атап өту үшін біздің әкеге арналған туған күн тілектерімізді пайдалануыңызға болады. "Асқар тауым — әкешім, туған күніңіз құтты болсын!" деп басталатын бұл тілектер, сіздің әкеңізге деген құрметіңізді және алғысыңызды білдіреді.
Өмір бойы Сізді қолдаған, қиын сәттерде дұрыс бағыт көрсеткен әкеңізге арналған бұл тілектер, Сіздің оған деген рахметіңізді және махаббатыңызды жеткізеді. Болаттай берік денсаулық, шырша секілді мәңгі қуаныш және асқар тау сияқты мәртебе тілегімен қатар, әрдайым ата-анаңызды мақтан ететін баласы болуға уәде беруіңізді білдіре аласыз.
Бұл әкеге арналған туған күн тілектері, олардың туған күндерінде сіздің жылы сөздеріңізбен құрметтеліп, махаббатыңызды сезінуіне мүмкіндік береді.
"Анама Арналған Туған Күн Тілектері: Жүректен Шыққан Сөздер"
Құрметті оқырман, егер Сіздің анаңыздың туған күні жақындап келсе, осынау маңызды күнді атап өту үшін біздің анама арналған туған күн тілектерімізді пайдалануыңызға болады. "Бар жақсысын маған беріп, аялы алақанымен мәпелеген анашым" деп басталатын бұл тілектер, Сіздің анаңызға деген шексіз махаббатыңызды және құрметіңізді білдіреді.
Әр ата-ана баласының өсуіне бағыт-бағдар береді, ал Сіздің анаңыз Сіздің өміріңізде осындай рөл атқарған. Ол сіздің әр атқан таңыңызға алғыс айтуыңыздың себебі. Осы тілектер арқылы Сіз анаңызға сіздің бала кезіңізде оның көрсеткен махаббаты мен қамқорлығы үшін рахметіңізді білдіре аласыз.
Бұл тілектерде анаңыздың денсаулығының мықты болуы, алдағы уақытта тек бақытты күндер көруі тілегі бар. Бұл сөздер анаңыздың жүрегін жылытып, оның сізге деген махаббатын одан әрі нығайтуға көмектеседі.
Ағаға тілек
Бауыр — адамның бойындағы ауыстыруға келмейтін нәзік мүше екен. Сол секілді туған бауырларымды ешкім де алмастыра алмайтынын, олардың өзіндік орны бар екенін жақсы түсініп жатырмын. Ағатайым, бүгінгі туған күніңіз құтты болсын! Бізге қалай демеу болып, жанымызды қаншалықты түсіне білсеңіз, сізге де дәл осындай қарым-қатынас танытар сүйікті жар жолықсын! Зор денсаулық пен мол махаббат бүгінде жаттанды тілекке айналып кетсе де, сізге ең бірінші кезекте осыларды тілеймін. Өзіңіз айтқандай, адамді биіктерге жетелейтін қос қанаты — сүйікті ісі мен сүйікті адамы болады. Алдағы уақытта сізді биік шыңдардан көру үшін осы қос қанатыңыздың талмай самғауына тілектеспін.
Осы күнге дейін жұмыстағы бастамаларыңыз бен ерекше мінезіңізді өзіме үлгі етіп келдім. Алдағы өмірде еңбегіңіз жанып, абыройыңыз арта берсін! Туған-туыс, дос-жаран, сүйіктіңіздің ортасында сыйлы болып, мәңгілік бақытты ғұмыр кешіңіз! Тағы да туған күніңізбен!
Әпкеге тілек
Менің, алтыным, аяулым, періштем, өзіңіздің барыңыз үшін қаншалықты қуанышты екенімді білмейсіз. Өзіңіздей қиын-қыстау сәтте қамқоршы бола білген әпкені сыйлаған Аллаға мың да бір шүкір! Білесіз бе? Адамның адамдығы қайғыны емес, қуанышты сәттерді бөлісе білгенде көрінетін сияқты. Ес білгелі қуанғанымда қасымнан табылып, менен артық шат-шадыман болғаныңызды білемін. Кейде қабағыңызға қар жауып тұрса да, мен жақсы болсын деген оймен ғана ұрысатыныңызды сеземін. Алла сізге таудай талап пен бармақтай бақты қатар берсе екен деп тілеймін!
Есіктің алдында жайқалып тұрған емен ағашы жуан, жапырағы қалың болса да, қатты жел кезінде тамырымен бірге қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы керісінше нәзік болса да, сәл майысып, жел басылған соң бойын қайта тіктеп алады. Сіз де мен үшін күнделікті тұрмыста да, қызметте де басыңызға қандай қиын іс түссе де, жасымайтын, бағы жанса да, тасымайтын аяулы әпке, адал жар, айнымас адал доссыз. Тіршіліктің қандай ауырпалықтарын көрсеңіз де, ешуақытта мойымаңыз. Осы қасиетіңізбен мен үшін үлгі екеніңізді ұмытпаңыз. Сізді қатты жақсы көремін! Туған күніңізбен!
"Досқа Арналған Туған Күн Тілектері: Шынайы Құттықтау Сөздері"
Құрметті оқырман, егер сіздің досыңыздың туған күні болса, біздің досқа арналған туған күн тілектерімізді қолданып, осынау ерекше күнді атап өтуге болады. "Бағалым, сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!" деп басталатын бұл тілектер, сіздің досыңызға деген құрметіңізді және махаббатыңызды білдіреді.
Өзіңіздің досыңызбен бірге өткізген өмірдің сәттерін еске түсіріп, оның мақсаттары мен армандарының орындалуына шын жүректен тілектес болыңыз. Бұл тілектерде сіздің досыңызға табыс, бақыт, денсаулық және өмірдегі жақсылықтар тілегеніңіз білдіріледі.
Бұл тілектерде сіздің досыңызға жасалған жамандықтан алыс болып, өмірдегі асқар тауларды бағындыруын тілеңіз. Сондай-ақ, қуаныш пен қайғыда досыңыздың жанынан табылып, оны қолдауға дайын екеніңізді айтыңыз.
Әріптеске тілек
Алтын әріптесім, ұжымда сіздей адам барда ешнәрседен қорықпаймыз. Алдымызда кездескен қиындықтарды қасқайып күтіп алып, оларды өткеруге үнемі дайын тұрамыз. Мұның барлығы да сіздің ақыр-парасатыңыз бен мейірімге толы жүрегіңіздің арқасы. Туған күніңізбен құттықтай отырып, жастық келбет пен пысықтығыңыз сізге мәңгілік серік болсын деп тілеймін! Жұмыс күнделікті кішігірім мерекеге айналып, үйіңізде әрдайым жақындарыңыз күлімсіреп қарсы алсын. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болып, қалтаңыз қалыңдасын! Ең бастысы, деніңіз сау болып, осы жастың әлі онын жасаңыз!
************
Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,
Жалғанда тілек бар ма одан асқан.
Аман боп жанұяң мен бауырларың,
Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
************
Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!
************
Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
************
Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап,
сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілеймін.
************
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
************
Абырой, амандығың арта берсін.
Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,
Қонағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Осындай ойын-сауық бол берсін,
Үй-іші той-думанға тола берсін,
Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай
Баршаңа бақыт құсы қона берсін.
Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,
Балаға таудай талап, сана берсін,
Бәрі де балалардың өнерлі боп,
Бақыты барған сайын жана берсін!
Осы үйге сұлу мінез келін берсін,
Келінге адал ниет, пейіл берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,
Қызығын бала-шаға түгел көрсін!
Жаныңда жақсы көрген көршің болсын.
(Көршіңіз жақсы болса – бейне төркін),
Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың –
Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!
************
Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе – үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!
************
Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басым.
Отбасыңа тілейміз біз амандық,
Жаратқан дәйім Сізді жарылқасын.
************
…. туған күнің құтты болсын!
Ағайын-туысқанмен ортаң толсын.
Бір көрген адам Сізге көңілі толған,
Туысқан бауырларға сыйлы болған.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,
Өзіңді балаларың арқаласын,
Жасыңа дәл осындай жас қосылып,
Көңілің дариядай жарқырасын.
************
Той-думан болсын өмірің сарқылмайтын,
Бақыт берсін ешқашан таусылмайтын.
Тілейміз сізге саулық, ұзақ ғұмыр,
Орындалсын ой-арман тілегіңіз.
************
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын.
************
Жұлдызыңыз жоғары, еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем болсын.
************
Мерейіңіз таси берсін, мәртебеңіз биіктей берсін.
************
Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік,
көрер қызығыңыз мол болғай!
************
Шаңырағыңызға береке-бірлік, шадыман шаттық-қуаныш тілейміз
************
Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!
Біздің өміріміз үлкен өзен іспетті. Сіздің қайығыңыздың қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!
Туған күн — ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!
Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!
Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!
Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген моторың ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса!Өмірің ой-шұңқыр мен оқапсыз, кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өміріңнің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!
Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!
Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн — біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!
Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!
******
— Қайрат Нұртас — туған күн
Туған күнге арналған Қайрат Нұртастың әні.
Туған күн ең бақытты күн, осы күнде бәріміз жақсы тілек, құттықтаулар айтқымыз келеді, бірақ сөз бергенде қысылып, жеткізе алмай жататынымыз өтірік емес. Осы жағдайда не істеу қажет, әрине тілекті, құттықтауды жаттап алған қажет!
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.
Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!
Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!
Туған күнің құтты,
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!
Алтынай Жорабаева — туған күн
Алтынай Жорабаева — туған күн
_______________________________________________________________________________________________________________________
Өмір жыры таусылмасын мәңгілік, Тұрсын алдан арайланып таң күліп, Бақыт болсын әрқашанда жолығар, Шаттығыңыз тау суындай молығар. Тілеймін бақытты өмір ашық аспан, Жалғанда тілек бар ма одан асқан. Аман боп жанұяң мен бауырларың, Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
Өмірде сүйенетін асқар тауым Әкешім…Дүние есігін ашқан күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан жанымызда сүйенетін асқар тауымыз,шынайы бақытымыз болып жүре беріңіз..
Дүниеге келген күніңізбен,
Құттықтаймын мен сізді..
Аман жүріп әрқашан,
Қуантыңыз сіз бізді..
Сүйенерім әкешім,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жанымызда әрқашан,
Тірек болып жүріңіз.
Адамның жасына байланысты атаулар
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте
1 жастан 10 жасқа дейін — сәби
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек
2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін
3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса
6 жастан 7 жасқа дейін – бала, балақай
8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы, жеткіншек
13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім
16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала, бойжеткен
20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз
30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, еркек, кәрі қыз, келіншек
40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі, отағасы, әке, көке, әйел, ана, тәте
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы, сары кідір әйел
60 пен 70 жас аралығы — қарасақал, ата, қара кемпір, апа, әже
70 пен 80 жас аралығы — ақсақал, ақбұрым
80 мен 90 жас аралығы – ақ үрпек шал, ақ үрпек ана, қарт, қария
90 мен 100 жас аралығы — селкілдек шал, селкілдек кемпір
100 жастан жоғары — кейуана, баба
Мүшел жас
1- мүшел -13 жас (ер жете бастау)
2 — мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3 — мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4 — мүшел – 49 жас (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 — мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел — 85 жас (кәрілік)
8 — мүшел – 97 жас (қалжырау)
9 — мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел -121 жас (немене сүю)
*************
10 жасқа дейін — қозы жасы деп қозы-лақ бақтырған,
10 мен 20 жас аралығын қой жасы деп қой, ешкі бақтырған,
20 мен 30 жас аралығын жылқы жасы деп жылқы бақтырған
***********
30 жас — орда бұзар,
40 жас — қылыш жас, қырықта қамал алар
50 — ел ағасы, ердің жасы
60 жас — пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс
70 жас — жетпістің белесі
80 жас — сексеннің сеңгірі
************
Қадірменді тойшы қауым, ағайын!
Қадірлі….., Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшінқұдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта, жақсы көңілмен бірге келе жатырмыз. Сіздер өз замандарыңызда елге, халыққа қызмет еткен, ұрпақ өсірген аға буынсыздар. Енді соның жемісін, бейнеттің зейнетін көрген деген осы. Бала-шаға өсіру, солардың қызығын көру – арманға жету, бақыт деген осы болар. Сіздердің өмірлеріңіз бізге үлкен өнеге. Сіздерге шын жүректен құрметімізді білдіреміз. Ұзақ жасаңыздар, бірге бола беріңіздер. Шөбере, шөпшек, немене, туажат көріңіздер.
Бұл әркімнің-ақ қызығар тойы. Елдің батасын алған жан Алланың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Көппен көргеннің арманы жоқ. Үлкені бар үйдің құты бар. Қазақ құдасын құдайдай сыйлап, қастерлеген. Біздің қадірменді құда-жекжатымыз ретінде Өзіңізді ортамыздың құты, ағайынның ырысы, бала-шағаның берекесі деп білеміз. Үлкені бар елдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Сізге әрқашанда зор денсаулық, ұзақ жас, өмірдің, ұрпақтың қызығын көре беруді тілейміз. Көргендеріңіз той болсын.
Қымбатты мама!
Бұл күнде сізге перзенттік махаббатымыз жүрек түпкірінде әрдайым тербетіп жүретін ең ізгі де ыстық сезімімізді білдіргіміз келеді. Тағдырдың жазуымен бұйырған бес тал гүліңізді бір өзіңіз аялап, бізді жеткізсем деп талай күндеріңіз бен түндеріңізді күлкісіз де ұйқысыз өткізгеніңіздің қандайлық азап екенін алдымыз балалы болып, соңымыз сізге күйеу бала мен немере қуанышын сыйласақ деген ойда жүргенде жете түсінгендейміз. Содан да болар, жан-жаққа тарап кетсек те есіл-дертіміз өзіңіз жылытып отырған алтын ұямызда, «алтындарымның бірі келіп қалар ма екен», деп үлкен жолға үнемі көз тігіп жүретін өзіңізде. Торыққанда – ақылшымыз, жабыққанда – сағынышымыз, өзіңізсіз. Мынау өмір сіз арқылы қызық, мағыналы, қымбат. Құдай сізге алдағы кезде тек бақытты ғұмырын бергей.
Әлпештеген, аялап асыраған,
Аяулы ана, ақ ниет асыл адам.
Ұрпақ үшін тірлікке нұрын төккен,
Қиын-қыстау күнде де жасымаған.
Сыздағасыз,
Сан рет мұздағасыз,
Шәкіртке де,
Бізге де ізгі анасыз.
Бағымыздың бұлбұлын сайрататын,
Жанымыздың жайлауы Сіз ғанасыз.
Лаулаймыз да, Сіз барда жанамыз да,
Қосып сізді сан әнге, сан аңызға.
Аялаған аққуын айдындай боп
Асыл Ана, жүре бер арамызда!
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам – кешірген.
Тілін алсам – айналған, күнәм болса -өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,
Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сенбей бар ма жанашыр.
Ана
Ана деген – ұлы есім!
О, Ана!
Неткен ұлы есім ең!
Тұрса да қажып тағдыры,
Бар шаттығым – бала деп,
Тәнін торлап таң нұры,
Мін бақпай ұрпақ өсірген.
Бар қатені кешірген,
Жасайды мәңгі аруана
Жалғасып тарих көшімен.
Асаудай асыл бейнесі,
Кетпейді адам есінен.
Баласын басса бауырына,
Нәр тамған ақ төсінен.
Бармақтай жатқан бақытты
Артық көрген өзінен.
Ол – сәби, сонда жылайды,
Ынтызар көмек сұрайды,
«Іңгә» деген сөзімен.
Мұқағали Мақатаев — Туған күн
************
Сәби ұзақ ғұмырлы болсын,
Өмірі көркем көңілді болсын.
Ата-анасына мейірлі болсын,
Ағайын жұртқа пейілді болсын.
Бөбегіңе Фарабидің басын бергей,
Әміренің әнін бергей.
Сәкеннің сәнін бергей,
Жүсіптің дидарын бергей,
Мұхамбеттің иманын бергей.
Ләйім Қыдырдың назарында,
Бақыттың базарында жүрсін!
************
Өмірде сүйенетін асқар тауым Әкешім…Дүние есігін ашқан күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!Әрқашан жанымызда сүйенетін асқар тауымыз,шынайы бақытымыз болып жүре беріңіз..
Дүниеге келген күніңізбен,
Құттықтаймын мен сізді..
Аман жүріп әрқашан,
Қуантыңыз сіз бізді..
Сүйенерім әкешім,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жанымызда әрқашан,
Тірек болып жүріңіз.
************
Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң — төз
Жарыссаң — оз
Ойнасаң — ұт
Күрессең — жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!
************
Құдайым көктем берсін,
Көктем берсе – көптен берсін,
Құдайым жаздай берсін,
Жаздай берсе – жазбай берсін,
Құдайым күздей берсін,
Күздей берсе – үзбей берсін,
Құдайым қыстай берсін,
Қыстай берсе – қыспай берсін!
************
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!