Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Министр студенттерді әскерге алып кетпеу үшін Қорғаныс министрлігіне ұсыныс жасады

Министр студенттерді әскерге алып кетпеу үшін Қорғаныс министрлігіне ұсыныс жасады,деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Қазақстанда талапкерлерді әскери борышын өтеуге шақыру мен жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдерінің сәйкес келмеуі бірқатар түйткілдерге себеп болып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда кейбір жастар әлі ҰБТ нәтижесін күтпей жатып әскерге шақырылып кетуде. Бұл олардың жоғары білім алуға деген мүмкіндігін шектейді.

«ЖОО-ға қабылдау мен әскерге шақыру мерзімдері үйлеспейді. Жақында Назарбаев университетіне тапсырып жатқан бір талапкердің көшеден ұстап, әскерге алып кеткен жағдайы болды. Мұндайға жол беруге болмайды», — деді Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында.

Осы мәселені шешу мақсатында министр Қорғаныс министрлігіне ресми ұсыныс жолдағанын мәлімдеді. Ол талапкерлердің ҰБТ нәтижелері толық шыққанға дейін, яғни шілденің соңына дейін әскерге шақыруды уақытша тоқтату бастамасын ұсынған.

«Бізде ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді. Нәтижелер шілде соңында белгілі болады. Сол кезде ғана талапкер нақты “мен студентпін” деп айта алады. Осы кезеңге дейін күту қажет. Қазір бұл ұсыныс Қорғаныс министрлігімен талқыланып жатыр», — деп нақтылады ведомство басшысы.

Министр бұл өзгеріс білім алуға ұмтылған жастардың құқығын қорғап, әділдік орнатуға бағытталғанын баса айтты.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама