Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Мұғалімдердің жалақысы: Ресми мәлімет пен шындық арасындағы алшақтық

Қазақстан мұғалімдерінің еңбек жағдайы мен жалақысы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына қосылғаны туралы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі көпшілікті таң қалдырды. Министрлік мәліметінше, 2018 жылы мұғалімдердің 39%-ы ғана жалақысына қанағаттанса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 71%-ға жеткен. Тіпті, педагогтердің 95%-ы жұмысына көңілі толық толатынын айтып, кәсіби қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетіпті. Соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе өскен делінеді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресми мәлімет пен шындық

Алайда, мұғалімдердің өздері бұл мәліметтерге күмәнмен қарайды. 20 жылдық өтілі бар, "педагог-шебер" атағы бар Гүлнар Есенжолқызының айтуынша, оның жалақысы 2021 жылы 380 мың теңге (шамамен 909 доллар) болса, қазір 520 мың теңгеге (шамамен 1,1 мың доллар) дейін өскен. Бұл өсім тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты екенін айтады. Ал өзге әріптестерінің жалақысы 500 доллардан да аспайтынын жеткізді.

Сарапшылардың талдауы

«Бірінші кредиттік бюро» сарапшыларының зерттеуі бойынша, педагогтердің нақты жалақысы 2023 жылдан бері инфляцияға байланысты төмендеп келеді. Өткен жылы білім беру қызметкерлерінің айлығы орта есеппен 322 мың теңгеден сәл асқанымен, 12,3% инфляцияны ескергенде, бұл өсім бағаның өсуін өтей алмаған.

Халықаралық рейтингтегі орнымыз

Visasam порталының мәліметінше, өмір сүру құны мен салықтарды ескергенде, Қазақстан мұғалімдерінің жалақысы бойынша 52 елдің ішінде соңғы орындарға жақын орналасқан. Барлық салықтар мен инфляцияны есептегенде, қазақстандық мұғалімдер қолына орта есеппен шамамен 486 доллар алады. Бұл көрсеткіш бойынша тек Никарагуа, Алжир, Қырғызстан сияқты елдер ғана артта қалып отыр.

Салыстырмалы түрде, Швейцарияда мұғалімдер айына 6240 доллар, Германияда 4390 доллар, Жапонияда 4000 доллар, ал АҚШ-та орта есеппен 3900 доллар жалақы алады.

Заңнама мен жүктеме

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың айтуынша, мұғалімдердің жалақысының төмендеуіне бірнеше фактор әсер етеді. Соның бірі – мұғалімдерге 1,5 ставкадан артық сабақ беруге тыйым салынуы. Бұрын мұғалімдер көбірек табыс табу үшін 10-12 сағатқа дейін сабақ бере алатын болса, енді бұл мүмкіндік шектелген. Бұл кейбір мұғалімдердің айына 100 мың теңгеге дейін табыстан қағылуына әкеп соқтырған.

Сонымен қатар, кейбір мұғалімдердің бұрын алған санаттарын растай алмауы да табысының азаюына себеп болған. Аттестация процедурасының күрделілігі де бұл мәселені ушықтыра түскен.

Новости

Реклама