Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 28 апр. 2026 13:00
- 33
"Наркоздан оянбай қаламын ба деп қорқамын": Гүлзира Айдарбекова алдағы ота жайлы айтты
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова алдағы уақытта жасайтын отасы алдындағы қорқынышын жасырмады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жақында өтетін операцияға байланысты алаңдаушылығын білдіріп, оқырмандарынан дұға етуді сұрады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алаңдаушылық пен үміт
Айдарбекованың айтуынша, соңғы күндері оны түрлі ойлар мазалап жүр. Ол тіпті операция кезінде есін жимаудан қорқатынын жеткізді. "Пенде болған соң уайымсыз болмаймыз ғой. Бұйыртса, өтімді қалдырып, үлкен тастарды алдыртуға жолға шығып жатырмын, ертең ота жасалыну керек. Кеше балаларыммен қыдыруға шығып бара жатып ойлап қоямын, мен неге сонша сәнденіп киініп жатырмын, бой түзеп жатқан жоқпын ба, операция кезінде наркоздан оянбай қалмаймын ба, әр затыма қызығушылықпен, қимастықпен қарап кеттім бе, неге миымды қорқынышты жаман ойлар торлап алды деп, өзімнен-өзім көңілім әр нәрсеге босаумен жүрдім", - деп жазды продюсер.
Түс және қолдау
Сонымен қатар, Гүлзира Айдарбекова түсінде алған белгілер мен күтпеген жерден естіген жұбату сөздеріне ерекше тоқталды. Ол @aigul.ag есімді жанның өзіне хабарласып, жылы лебіз білдіргенін айтып, мұның өзіне үлкен жігер бергенін атап өтті. "Түн жарымда @aigul.ag есіме түсті. Алдында түс көріп, историясында Қайраттың мамасын не үшін көргенімді білмеймін, денсаулығына көңіл бөлсінші деп айтқанын, елдер маған көп жіберді. Дайрегіне танымасам да смс жазып, бірақ жауап алмағанмын. Қайта кіріп қарасам смс жазыпты, ватсап нөмірін де жаза кетіпті. Бір Алла ғой ретке келтіруші, бірақ түсі де аяны да тура келетінің қарап жүргенмін. Бәрі жақсы болады деген жылы сөзін естіп қуанып қалдым. Бір ауыз жылы сөз адамға қаншалықты жігер береді десеңші. Көпшілік дұғасын Алла еш қалдырмайды ғой, сіздерде сәттілік тілеп кетіңіздерші, менің өмірімнің бір бөлшегі, бар сырымды ақтарар оқырмандарым!", - деді ол.