dalanews.kz
- 15 мая 2026 14:00
- 31
Назарбаевтың немересі әжесінің ісін жалғастыруға ниетті
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев, әжесі Сара Алпысқызы Назарбаеваның негізін қалаған "Өзін-өзі тану" білім беру бағдарламасын әрі қарай дамытуға ниетті екенін айтты.
Бұл туралы Нұрәлі Әлиев сұхбаттарының бірінде мәлімдеп, жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет.
"Өзін-өзі тану" пәні Қазақстанда 2010-2011 оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына енгізілген болатын. Сара Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған бұл курс оқушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік және ішкі үйлесімділікті қалыптастыруды мақсат етті.
Алайда, 2022 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі бұл пәнді міндетті пәндер қатарынан алып тастап, факультативтік сабақ ретінде оқыту туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.