Photo: Lorenza Magnaghi (https://www.pexels.com/@lorenza-magnaghi-660554185) / Pexels
- 17 февр. 2026 16:00
- 23
Нурлан Сабуров Қазақстаннан кете ме? Комедианттың алдағы жоспары
Танымал орыс стендап-комедианты Нурлан Сабуровтың Қазақстаннан кететіні туралы ақпарат ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Комедианттың алдағы жоспарларына қарап, оның жақын арада Қазақстаннан тыс жерлерде өнер көрсететінін байқауға болады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Азияға сапар шегеді
Ақпаратқа сүйенсек, Нурлан Сабуров 25 ақпанда Таиландтың Пхукет қаласында өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Концертке билеттер әлі сатылымда, бұл шараның әзірге тоқтатылмағанын білдіреді. Royal Phuket City Hotel-де өтетін бұл шараға шамамен 2 мың көрермен сыяды. Билет құны 8 мыңнан 20 мың рубльге дейін (19 мыңнан 130 мың теңгеге дейін) бағаланады. Комедианттың ресми сайтында бағалар ресейлік валютада көрсетілген.
Сондай-ақ, сәуір айында Сабуровтың Шанхай, Гуанчжоу және Пекин қалаларында өнер көрсетуі жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін комедиантқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған болатын.
Бұған дейінгі жағдайлар
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нурлан Сабуровқа қатысты тексеру бастаған еді. Себебі, комедианттың «Вагнер легіоны» жасағына 10 мотоцикл табыстап, оларға «жеңіспен оралуларын» тілеген видеосы пайда болған болатын. Бұл әрекеті үшін оған қатысты Қазақстанның Бас прокуратурасына да шағым түсірілген.