Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев музейде гид болады

Афины Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Қызылорда облыстық орталық музейінде ерекше форматтағы кездесуге қатысады.

Бұл жолы танымал боксшы музей қонақтарына гид ретінде танылып, «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициясындағы спорт бұрышын өзі таныстырады. Ол келушілерге отандық спорт тарихы мен қазақстандық спортшылардың маңызды жетістіктері туралы әңгімелеп береді.

Шара барысында қатысушылар Олимпиада чемпионының спорттағы қызықты сәттері, қиындықтары мен жеңістерге жету жолындағы естеліктерін тыңдай алады. Сондай-ақ, ел намысын қорғаған спортшылар туралы тың деректермен танысу мүмкіндігі болады.

Кездесу 17 маусым күні сағат 15:00-де өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға кіру тегін.

Айта кетейік, Бақтияр Артаев қазіргі таңда Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді. Бұл лауазымға ол екі жыл бұрын тағайындалған болатын.

Новости

Реклама