Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 15 мая 2026 09:00
- 32
«Өсек бітті, жаңалығым көп»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі әлеуметтік желіге оралды
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасының белгілі бір уақыт бойы белсенді болмағанына қатысты түсініктеме берді. Ол Instagram парақшасының бұғатталғанын айтып, осы уақыт аралығында отбасына, бала-шағасына және демалысқа көбірек көңіл бөлгенін жеткізді. Айман Талғатқызының сөзінше, әлеуметтік желіден уақытша алыстау өзіне рухани тыныштық сыйлаған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«10 шақты күн бойы инстаграмсыз жақсы демалыс болды. Ойда жүрген шаруаларға көңіл бөліп, бала-шағаға уақыт арнадық. Отбасымызбен демалып, рухани азық алдық. Инстаның болмағаны да жанға тыныштық сыйлайды екен», - деп жазды ол.
Айман Талғатқызы парақшасын ешкім бұғаттамағанын, керісінше Instagram-ның өзі блоктағанын атап өтті. Өнер иесінің жары алдағы уақытта оқырмандарына жаңа контенттер мен жаңалықтар ұсынатынын айтып, көпшілікті өзімен бірге болуға шақырды.
Желіде Айман Талғатқызының Instagram парақшасының жоғалып кеткеніне қатысты түрлі қауесеттер тараған болатын.