
Фото:freepik.com
- 27 авг. 2025 14:13
- 20
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен әйел туралы маңызды дерек шықты
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен әйел туралы маңызды дерек шықты
Көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырған Павлодар тұрғыны ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Infohub.kz.
Терезеден секірген 33 жастағы әйелдің жағдайы жақсарып, ауруханадан шықты. Ол 1,5 және 7 жастағы екі ұлын бесінші қабаттың кіреберіс терезесінен лақтырып жіберіп, кейін өзі секірген еді. Қайғылы оқиға шілде айында көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген мектеп оқушыларының көз алдында болды. Балалар алдымен әйелдің үлкен ұлын терезеден итеріп жібергенін, содан кейін кішісін лақтырғанын, сосын өзі секіргенін көрді. Тұрғындар жедел жәрдем шақырып, науқастар ауруханаға жеткізілді.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы әйелдің бір жарым жастағы баласының өмірі үшін күресті. Сәби ауруханаға жеткізілгенде клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетіп, кейін баланы жансақтау бөліміне ауыстырды. Оның жағдайы аса ауыр, себебі III дәрежелі жарақаттық шок тіркелген еді. Бала комада, бас сүйегінің көлемді жарақаты, ми мен ішкі ағзалардың зақымдануы анықталған. Өкінішке қарай, кішкентай бала 2 күннен кейін ауруханада көз жұмды.
Ал әйелдің үлкен ұлы 14 тамыз күні емделіп шықты.