
- 09 июл. 2025 18:54
- 26
Перизат Қайрат ісі бойынша сот ішінара жабық өтетін болды
Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот процесі 14 шілдеге белгіленді. Сот отырысы ішінара жабық режимде өтеді.
Бұл шешім айыпталушының жеке өтінішімен қабылданды. Перизат Қайрат сот залында фото және бейне түсірілімге тыйым салуды сұраған. Сот мұндай шектеулерге жауаптарда құпия деректер мен банк ақпараттары болуы мүмкін екенін алға тартты.
Іс бойынша толық сот талқылауы алда өтпек.