
- 30 мар. 2025 22:04
- 88
Пойыз билеттеріне кімдер жеңілдік ала алады?
Қазақстанда кейбір азаматтар теміржол билеттерін 50% жеңілдікпен сатып ала алады. Бұл жеңілдіктер келесі санаттарға беріледі:
- I, II, III топтағы мүгедектігі бар жандар және мүгедек балалар (құжатпен расталған жағдайда)
- Еріп жүретін адамға да 50% жеңілдік қарастырылған
- 7 жасқа дейінгі балалар – орынсыз тегін, жеке орын қажет болса – 50% жеңілдік
- 7–15 жас аралығындағы оқушылар – 50% жеңілдік
Жеңілдіктер “Тальго” пойыздарында арнайы купелерде де қолданылады.
Онлайн рәсімдеу жеңілдеді:
Жеңілдікпен билет алу үшін енді тек ЖСН мен мүгедектік анықтамасының нөмірін енгізу жеткілікті. Барлық деректер автоматты түрде тексеріледі – бұл жүйе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасымен біріктірілген.
Билеттерді қайдан алуға болады:
Билеттерді ресми сайттан – bilet.railways.kz, «ҚТЖ билеттері» қосымшасынан немесе өзге онлайн платформалардан алуға болады.