️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
- 28 февр. 2026 14:31
- 28
"Қайрат" пен "Тобыл" Суперкубок үшін таласады: қайда және қашан көруге болады?
2026 жылғы алғашқы трофей жолындағы тартыс бүгін, 28 ақпанда өтеді. Қазақстан Суперкубогы үшін "Қайрат" пен "Тобол" командалары кездеседі.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Матч өтетін жер
Алматы мен Қостанай командалары арасындағы кездесу елордадағы "Астана Арена" стадионында өтеді.
Трансляция және уақыты
Командалар арасындағы матч "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, арнаның сайтынан да көруге болады. Ойын сағат 17:00-де басталады.
Командалардың жағдайы
2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша "Қайрат" чемпиондық атағын қорғап, қатарынан екінші жыл бірінші орынды иеленді. "Тобол" чемпионатты үшінші орынмен аяқтап, Қазақстан Кубогын да иеленді.
Екі клуб та ел Суперкубогын үш реттен жеңіп алған: алматылықтар бұл кубокты 2016, 2017 және 2025 жылдары, ал қостанайлықтар 2021, 2022 және 2024 жылдары алған.