
- 28 июн. 2025 15:43
- 24
Қарыздан құтылмақ болған: Қарағандылық жігіт бүйрегін 15 миллион теңгеге сатпақ болды
Қарағанды тұрғыны Данияр үлкен қарызынан құтылу үшін бүйрегін сатуға бекінген. Ол Telegram-арнасында бастапқыда 20 миллион теңгеге бүйрегін сататынын жариялап, кейін бағасын 15 миллионға дейін түсірген.
Хабарландыруға Ақтөбе облысының тұрғыны қызығушылық танытқан. Тараптар келісіп, Данияр медициналық тексерістен өткен. Ақтөбелік азамат оған келісілген соманың жартысын — 7,5 миллион теңгесін алдын ала берген.
Алайда бұл келісім заңсыз деп танылып, 30 сәуір күні Данияр құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Ол бүйрегін сата алмай, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан заңнамасы бойынша, адам ағзасын сату — қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады.