Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Қауіпті сәт: Көлсай көлінің жанында туристік автобус беткейден домалап кетті

Алматы облысындағы Көлсай көлінің маңында туристер мінген автобус беткейден домалап кетті. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 25 сәуірде таулы аймақта болған. Жарияланған видеода автобустың басқарылуынан айырылып, тік беткеймен төмен қарай ұшып бара жатқаны көрінеді. Басылымның мәліметінше, оқиға кезінде автобустың ішінде ешкім болмаған.

Полиция не дейді?

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, көліктің тұрақтан өзімен-өзі домалап кетуі мүмкін деген нұсқа қарастырылуда. Автобус иесі шағым түсіруден бас тартып, ешқандай талабы жоқ екенін айтқан.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция азаматтарды таулы аймақтарда, әсіресе көлікті тұраққа қою кезінде аса ұқыпты болуға шақырды.

Новости

Реклама