Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
Қазақстан - Армения: Құрама команданың матчын қайда және қашан көруге болады

Бүгін, 6 маусымда, Қазақстан футбол құрамасы Еревандағы «Республикалық» стадионында Армениямен жолдастық кездесу өткізеді. Ойынды қайда және қашан көруге болатынын Tengri Sport материалынан біліңіз.

Бұл жолдастық кездесу маусым айында жоспарланған екі ойынның біріншісі болады. Сейсенбі, 9 маусымда, Талғат Байсуфиновтың шәкірттері Венгрия командасымен сырт алаңда кездеседі.

Қазақстан – Армения: тікелей трансляция

Қазақстан мен Армения құрамалары арасындағы кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Сондай-ақ, трансляция арнаның сайтында қолжетімді болады.

Матч трансляциясы қазақстандық уақытпен сағат 20:50-де басталады.

Бұл жолдастық кездесу маусым айында жоспарланған екі ойынның біріншісі болады. Сейсенбі, 9 маусымда, Талғат Байсуфиновтың шәкірттері Венгрия командасымен сырт алаңда кездеседі.

Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы ойынын 31 наурызда өткізді. Команда Комор аралдарын жеңіп, тарихындағы алғашқы трофейін иеленіп, FIFA Series турнирінде жеңімпаз атанды.

Бұған дейін Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бір сатыға жоғарылады.

Алматылық «Қайрат» клубы вингер Дастан Сатпаевтың «Челсиге» ауысар алдындағы клуб сапындағы соңғы ойындары туралы мәлімдеме жасады.

Новости

Реклама