tengrinews.kz
- 27 апр. 2026 22:30
- 39
Қазақстан мен Израиль президенттері Ақордада кездесті
Бүгін, 27 сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келген Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогті Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу рәсімінде екі ел басшылары ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Содан кейін Құрметті қарауыл ротасының бастығы сәлемдесу рапортын беріп, Қазақстан мен Израильдің ұлттық әндері орындалды.
Бұл кездесу екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Өткен наурыз айында президенттер телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстанның жаңа Конституциясы мен референдумның қабылдануына байланысты пікір алмасып, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған болатын.