kaz.tengrinews.kz
- 03 янв. 2026 02:01
- 41
Акерке Мырзагалиева
Қазақстанда 63 жастан асқан 67 студент оқып жүр — комитет
Қазақстанда 63 жастан асқан 67 студент оқып жүр — комитет
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті 2025 жылдың желтоқсанындағы дерек бойынша 63 жастан асқан 67 адамның ЖОО-ларда оқып жатқанын хабарлады.
Олардың 11-і мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқиды.
63 жастағы студенттер саны 9 адамды құрайды, соның 2-уі мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алуда.
Оқитын деңгейлері бойынша: 36 адам бакалавриатта, 23 адам магистратурада, 8 адам докторантурада.
Комитеттің мәліметінше, аталған жастағы студенттер медицина, фармация, психология, лингвистика және басқа да мамандықтарда білім алуда.
Мысалы, Ясауи атындағы Халықаралық университетте Түркия азаматы Қадрие Ышыклы оқиды.
Ыстамбұлдың 69 жастағы тұрғыны университет тарихындағы ең жасы үлкен студент атанды.
2023–2024 жылдарға қатысты статистика да ұсынылды: 2023 жылы 63 жастан асқан 39 адам оқыған (оның 4-уі грантта), 63 жастағы 3 адамның ешқайсысы грантта болмаған.
2024 жылы бұл көрсеткіш 67 адамға жетті, олардың 8-і грантта оқыған; 63 жаста 14 адам білім алған, соның 1-уі мемлекеттік тапсырыс есебінен.