Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 09 апр. 2026 17:01
- 23
Қазақстанда банк шоттары жаппай бұғатталды: Не болды?
Қазақстандықтар 9 сәуірде күтпеген жағдайда банк шоттарының бұғатталуына тап болды. Ешқандай себепсіз жаппай арест туралы хабарламалар әлеуметтік желілерде тез таралып, жұртшылықты алаңдатты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Техникалық қателік болуы мүмкін
Алғашқылардың бірі болып бұл мәселені Facebook желісінде бухгалтер Рабиям Серікбаева көтерді. Оның айтуынша, шоттарды бұғаттау жаппай сипат алған және нақты салық берешегімен байланысты емес. Кейіннен ол бұл жағдайдың техникалық қателікке байланысты болуы ықтимал екенін және шоттардың автоматты түрде ашылуы тиіс екенін нақтылады.
Бұған дейін де осындай жағдайлар болған
Қазақстанда мұндай жағдай бірінші рет емес. 2025 жылдың мамыр айында мыңдаған адал салық төлеушілер жалған берешек туралы хабарламалар алып, содан кейін олардың шоттары бұғатталған болатын. Сол кезде Мемлекеттік кірістер комитеті мұны салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесіне – ИСНА-ға кезең-кезеңімен көшумен байланыстырған еді.
Inbusiness.kz редакциясы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ресми сауал жолдап, ақаудың себептері, оның ауқымы және жою мерзімдері туралы түсініктеме беруді сұрады. Жариялау сәтіне дейін жауап келіп түскен жоқ.