Последнее обновление

(Время обновление 6 месяцев назад)
Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды

 

Қазақстанда 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтуде. Биыл шара «Барлығын иммундауға қол жеткізу – біздің қолымызда» ұранымен ұйымдастырылып отыр.

Апталықтың басты мақсаты – вакцинацияның өмірді сақтаудағы маңыздылығын еске салу. Егудің арқасында елімізде 1996 жылдан бері полиомиелит, 2009 жылдан бастап дифтерия аурулары тіркелмеген. Сондай-ақ эпидпаротитпен сырқаттану 100 еседен, А гепатиті 32 есе, В гепатиті 92 есе, ал қызамықпен сырқаттану 2000 еседен астам төмендеді.

Қазіргі таңда ұлттық иммундау бағдарламасы 21 инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді. Дегенмен соңғы уақытта қызылша және көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай алаңдатуда: қызылша бойынша 75% және көкжөтел бойынша 87% жағдай жоспарлы вакцинация алмаған балалар арасында тіркелген.

Жаңа өзгерістерге сай, 2024 жылдан бастап Ұлттық вакцинация күнтізбесіне 11-13 жас аралығындағы қыздарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы егу енгізілді. Қазірдің өзінде бір дозамен 133 169 қыз, ал екі дозамен 21 194 қыз егілген.

You Might Also Like

Новости

Реклама