Photo: Sergey Meshkov (https://www.pexels.com/@19x14) / Pexels
- 14 мая 2026 16:01
- 16
Қазақстанда техосмотр талаптарының бірі алынып тасталды
Қазақстанда автокөліктерді техосмотрдан өткізу кезіндегі талаптардың бірі уақытша тоқтатылды. Енді 2027 жылдың басына дейін техосмотр операторлары терезелердің жарық өткізу қабілетін тексеретін арнайы құрылғысыз жұмыс істей алады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 4 мамырдағы бұйрығына сәйкес, бұл норма 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданысқа ие болады. Бұған дейін техосмотр станцияларында автокөлік терезелерінің жарық өткізу қабілетін анықтайтын арнайы аспаптар міндетті болған еді.
Терезе жарық өткізуді тексеру талабы уақытша жойылды
Бұл өзгеріс Көлік министрлігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №152 бұйрығының жекелеген ережелерінің күші уақытша тоқтатылуына байланысты. Атап айтқанда, техосмотр операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына қосымша 1-тармақтың 12-абзацы мен 2-қосымшаның 14-жолындағы талаптар уақытша қолданылмайды.
Осылайша, терезелердің тонировкасын тексеруге арналған құрылғының міндетті болуы 2027 жылға дейін тоқтатылды. Бұл шешім автокөлік иелеріне жеңілдік береді деп күтілуде.