Последнее обновление

(Время обновление 8 минут назад)
Қазақстандық жас хоккейшілердің Канададағы жеңісіне Тоқаев құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирінде топ жарған «Астана» жас хоккей командасын құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Мемлекет басшысының құттықтауында айтылғандай, қазақстандық команданың бұл сенсациялық жеңісі отандық спорт тарихындағы маңызды сәт болды. Команда шеберлігі мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, финалда хоккейдің отаны саналатын канадалық команданы буллиттер арқылы жеңді.

Президент жас спортшыларға өз күштеріне сенуге, талмай жаттығу жасап, жаңа жарқын жеңістерге жетуге тілектестік білдірді.

Турнир туралы

Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament – әлемдегі ең ірі балалар хоккей турнирлерінің бірі. Оған ондаған елдердің командалары қатысады. «Астана» командасы AA Elite дивизионында алты ойын өткізіп, алты кездесуде де жеңіске жетіп, жалпы есеппен 21:11 нәтижесімен топ жарды. Финалда олар «Нуар э Ор де Мортань» командасын буллиттер сериясында ұтты.

Новости

Реклама