Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«Қазақстандық Моника Беллуччи» зейнеткерлікке шықты

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері зейнеткерлікке шығарылды. Олардың арасында 2025 жылы әлеуметтік желіде «қазақстандық Моника Беллуччи» атанған полиция подполковнигі Лейла Саидова да бар. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полициядағы қызметі

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметке 2009 жылы 25 жасында кірген Лейла Саидова алғашқыда облыстық ІІД ақпараттық-техникалық қызметі басқармасының техникалық қызметкері болған. Екі жылдан кейін, 2011 жылы әкімшілік полиция бөліністеріне ауысып, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы салада қызмет еткен. Оның соңғы лауазымы – Маңғыстау облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің аға инспекторы болды.

Әлеуметтік желідегі танымалдылық

Лейла Саидова 2025 жылы блогермен болған дау кезінде түсірілген видеодан кейін кең танымалдылыққа ие болды. Видео желіде тез тарап кетті. Алайда, пайдаланушылардың назарын тек жанжалдың өзі ғана емес, полиция қызметкерінің сыртқы келбеті де баурап алды. Пікір қалдырушылар оны итальян актрисасы Моника Беллуччимен салыстыра бастады.

42 жасында зейнеткерлікке шыққан Лейла енді отбасына және 9 жасар ұлын тәрбиелеуге көбірек уақыт бөлмекші.

Новости

Реклама