
- 14 июл. 2025 18:51
- 24
Қазақстандықтар балгерлерге 3 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаған
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылы еліміздегі көріпкелдер мен балгерлер мемлекетке 2,9 миллиард теңге табыс туралы есеп берген. Бұл — халықтың рухани қызметтерге қаншалықты тәуелді екенін көрсететін алаңдатарлық дерек.
Бал ашу мен кеңес беру құны:
- Карта, кофе арқылы бал ашу — 3 000 тг
- Наталдық карта (жұлдыз жорамал) талдауы — 3 500 тг
- Магиялық ритуалдар — 5 000 тг бастап
- Нумерология, экстрасенсорлық сеанс — 20 000 тг бастап
Аты танымал балгерлердің "қымбат қызметтері":
- Қарғысты кетіру — 30 000 тг бастап
- Нашақорлықты "емдеу" — 250 000 тг
- Жұбайын қайтару — 500 000 тг
- Бизнеске "жол ашу" — 400 000 тг
- Үй сату үшін магиялық көмек — құнының 10%-ы
Ең қымбат қызмет — "қара магия": 1 000 000 теңгеден жоғары.
Мамандар бұл тенденцияны халықтың әлсіз әлеуметтік-психологиялық күйімен байланыстырады. Ал дін қызметкерлері мен ғалымдар мұндай әрекеттердің алдамшы екенін, құқықтық тұрғыда тексерілуі тиіс екенін айтады.