Последнее обновление

(Время обновление 0 минуты назад)
Қазақстандықтар Temu, AliExpress және iHerb арқылы сатып алудың жаңа ережелерін білді

2026 жылдың екінші жартысынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде Temu, AliExpress, iHerb сияқты шетелдік онлайн сауда алаңдарынан сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер қолданысқа енгізіледі. Бұл өзгерістер қазақстандықтар үшін нені білдіретінін Қаржы министрлігі түсіндірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тауарлардың құны 200 еуродан аспаса

Егер сіздің сатып алған тауарыңыздың құны 200 еуродан (шамамен 114 000 теңге) аспаса, онда ештеңе өзгермейді:

Жаңа кедендік декларация

Шетелдік маркетплейстерден алынатын тауарлар «электрондық сауда тауарлары» деп аталатын жеке санатқа жатқызылады. Бұл тауарлар үшін «электрондық сауда тауарларына арналған декларация» атты жаңа кедендік декларация түрі енгізіледі. Бұл декларацияда 999 түрлі жеке тұлғаның тауарлары туралы мәліметтерді көрсетуге болады. Мұндай декларацияны сатып алушылар атынан «электрондық сауда операторлары» – кеден ісі саласындағы жаңа институт ұсынатын болады.

Салмақ шегі алынып тасталады

Тауардың салмағына қатысты 31 килограммдық шектеу алынып тасталады. Дегенмен, 200 еуролық бажсыз сатып алу лимиті сақталады.

200 еуродан асқан тауарларға салық

Егер тауардың құны 200 еуродан асса, онда оның құнынан 5% кедендік баж және 16% ҚҚС алынады. Мысалы, құны 250 еуро (шамамен 142 500 теңге) болатын тауар үшін 12,5 еуро (шамамен 7000 теңге) баж және ҚҚС төлеу қажет болады. Ал 500 еуролық (шамамен 285 000 теңге) тауарға 25 еуро (шамамен 14 000 теңге) баж және ҚҚС қосылады.

Қазіргі уақытта мұндай тауарларға бажсыз шектен асқан соманың 15%-ы мөлшерінде бірыңғай төлем қолданылады.

Мақсат – интернет-сауданы реттеу

Жаңа ережелер интернет-сауданы реттеуге және жеке пайдалануға арналған сатып алулар сылтауымен коммерциялық партияларды әкелуге жол бермеуге бағытталған. Бұл өзгерістер ЕАЭО аумағында бар және жергілікті интернет-алаңдарда, соның ішінде Wildberries, Ozon және Kaspi.kz арқылы сатылатын тауарларға әсер етпейді.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, 200 еуроға дейінгі жеке пайдалануға арналған тауарларды тапсырыс беретін көптеген сатып алушылар үшін сатып алу және жеткізу процесі өзгеріссіз қалады.

Новости

Реклама